S&P рейтинг агенттігі Қазақстандағы реформаларды оң бағалады

Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтинг шеңберіндегі жағдайы жақсарды. Яғни S&P халықаралық рейтинг агенттігі ел болжамын «тұрақты» деңгейден «позитивті» деңгейге көтерді. Агенттіктің шешіміне жаңа Бюджет және Салық кодекстері, институционалдық һәм экономикалық реформалар оң әсер етті. Олардың мәліметіне сүйенсек, қатаң фискалдық ережелерді енгізу арқасында мемлекет кірісі ұлғайды. Бұл бюджет тапшылығын азайтуға және мемлекеттік қарыз деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ болжамның жақсаруына экономиканы ырықтандыру және әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан реформалар да оң ықпал етті.