Gran Fondo әлем чемпионаты Алматыда өтеді

0
24 тамызда Алматыда алғаш рет Gran Fondo әлем чемпионаты өтеді. Бұл – әуесқой велоспорттағы ең беделді жарыстардың бірі. Додаға әр елден келген 500-ден астам спортшы қатысады. «Абсолют» санатында жеңіске жеткен спортшы Gran Fondo World Tour нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанады.
🌄 Жарыс бағыты қала көшелері мен Іле Алатауының әсем бөктерін қамтиды. Gran Fondo чемпионатының ерекшелігі – ашық форматта өтуі: дайындық деңгейіне қарамастан кез келген адамның қатыса алады.
🌍 Gran Fondo тарихы бір ғасырдан астам уақыт бұрын Италияда басталған. Бүгінде бұл жарыс әлем бойынша миллиондаған велоспорт әуесқойларын біріктіреді.
⚠ Ірі спорттық шараға байланысты 24 тамыз күні сағат 04:30-дан 09:30-ға дейін әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі. Қала тұрғындарына 2GIS қосымшасы, «Яндекс карталар» және @AlmatyJoly Telegram арнасы арқылы бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

ПІКІР ЖАЗУ