Қонаевта көлік жанжал кезінде адамды қағып кетті

0

Әлеуметтік желілерде бір топ жастар арасындағы төбелестің видеосы тарады. Кадрларда жеңіл автокөліктің қатты жылдамдықпен адамды қағып өткен сәті анық көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша полицейлер екі күдіктіні жедел ұстаған. Тағы бір адамға іздеу жарияланды. Оның былтыр Қонаевта 20 жастағы жігітті өлтіру ісі бойынша сотталған адамның туған ағасы екені белгілі болды.

Ресми деректерге сәйкес, жанжал тұрмыстық себептен шыққан, қару қолданылмаған және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы жоқ.

Іс облыстық полиция мен прокуратураның бақылауында.


ПІКІР ЖАЗУ