Дүйсенбі күні Қазақстанның екі өңірінде қатты аптап ыстық күтіледі

0

«Қазгидромет» РМК 25 тамызға арналған синоптикалық жағдай мен еліміздегі қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүйсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады. Батыс өңірлерде қатты жауын-шашын, сондай-ақ бұршақ пен дауыл күтіледі.

Батыс антициклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен батыста, шығыста және оңтүстікте жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болады, ал солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, – делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.

Күндіз қатты ыстық Ақтөбе облысында +36°С, ал Маңғыстау облысында +38°С дейін жетеді деп болжанып отыр.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше өңірде найзағай, бұршақ, қатты жел мен шаңды дауыл болатыны айтылды.


ПІКІР ЖАЗУ