ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында аулаларды абаттандыру қарқынды жүргізілуде

0

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында ағаш бұтақтарына санитарлық кесу, тазалық және аула аумағындағы ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Сайрам, Елшібек батыр және Ш.Уалиханов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында атқарылуда. Жауапты мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан кестеге сәйкес орындалуда

Айта кетейік бұл жұмысқа 4 техника мен 35 жұмысшы жұмылдырылған. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан әрқашан бағаланып, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Айта кетейік, халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда. Осы мақсатта арнайы www.open-shymkent.kz интернет ресурсы әзірленді.


ПІКІР ЖАЗУ