Қызылордалық ғалымдар күріштің жаңа сұрпын өсіре бастады

0

 «Сыр сұлуы» деп аталатын дән – Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жобасы. Жаңа өнім жергілікті ауа райы мен топыраққа бейімделген. Тез пісіп-жетіледі әрі суды көп қажет етпейді. «Агротехникалық талаптар толық сақталса, онда гектарынан 85 центнерге дейін өнім алуға болады», — дейді ғалымдар. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институты венгрлік Water Retainer жаңа препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Ол топырақтағы ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі. Әдетте күріш алқаптарына 3 ай бойы су жіберілсе, бұл препаратпен 51 күн суарса жеткілікті. Қазіргі таңда Қызылорда облысында көбіне ресейлік күріш сұрыптары өсіріледі. Олардың толық пісіп-жетілуіне 120-125 күн уақыт кетеді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/726238-kyzylordalyk-galymdar-kurishtin-zhana-surpyn-osire-bastady


ПІКІР ЖАЗУ