Тоқаев қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысады

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Мемлекет басшысының сапары ертең Бейжіңде жалғасады, — делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.
Еске салайық, 30 тамызда Президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қытайға барды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты.
Бүгін Қытайдың Тяньцзинь қаласында ШЫҰ саммиті басталды. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйледі.