Алматыда алапат өрт болып жатыр

0

 Алматы қаласы Алатау ауданындағы Н. Данченко көшесінде орналасқан автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы дабыл 1 қыркүйек күні сағат 14:07-де түскен.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт өршіп кеткен. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Алғашқы бөлімшелердің жетуіне жолдағы көлік кептелісі кедергі келтірді, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ғимараттан 4 газ баллоны, 2 оттегі баллоны, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциясынан 3 автокөлік эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілер жеткен соң екі учаскеде тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ғимараттың шатыры құлап жатыр. Оқиға орнында автопойыз жұмыс істеуде, су үздіксіз жеткізіліп жатыр. 


ПІКІР ЖАЗУ