Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 қыркүйек күні сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сейсмикалық дүмпудің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3, магнитудасы – 5.7. Тереңдігі шамамен 5 шақырымды құрады.
MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында жер сілкінісінің қарқындылығы 2 балл деңгейінде сезілген.