Алматыда 40 қабатты үй заңсыз салынып жатыр

0

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 40 қабатты Rams Beyond Almaty кешенінің құрылысы заңсыз қайта басталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін ақпарат түсті, нұсқауға қарамастан, РАМС қайтадан жұмысын бастады. Бұл қазір заңсыз, — деді Базарбек.

Ол құрылыс кодексі аясында депутаттар заңсыз құрылысқа қарсы шараларды енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Оның сөзінше, Қазақстанда құрылысшылар талаптарды жиі бұзады.

Бұл тек Алматыға ғана қатысты емес — біз Астана, Шымкент және басқа қалалардың бірегей бейнесін дерлік жоғалтып жатырмыз, — деді депутат.

Оның пікірінше, Алматы — құрылыс саласындағы жағдайдың үлгісі.

Алматы мысалында қатаң талаптарды қолданамыз. Негізінде, басқа өңірлерде де ұқсас мәселелер бар. Сондықтан құрылыс кодексіндегі негізгі бағыт — құрылыс нормаларын, экологиялық талаптарды және басқа міндетті ережелерді сақтамайтындарға жауапкершілікті күшейту, — деп айтты депутат.

Бұған дейін Алматыда Rams Beyond Almaty 40 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылғаны хабарланған болатын.


ПІКІР ЖАЗУ