Түркістандықтар депутатқа қымбатшылыққа қатысты шағымданған

0

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Түркістан өңірін аралау барысында халық қымбатшылыққа шағымданғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жазда Түркістан облысын араладым. Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай және Сайрам аудандарында болдым. Өңірде ауызсу мәселесі өте өзекті. Мәселен, Сарыағаш ауданында әлі күнге дейін кеңес дәуірінде салынған құбырлар тозып тұр. Облыстағы 60-қа жуық санаториядан шыққан лас судың Келес өзеніне ағылу қаупі бар, – деді депутат.

Оның айтуынша, облыстың бес ауданында ауызсу – шешімін күткен басты проблемалардың бірі. Осы мәселеге қатысты Қырықбаев бүгін Үкіметке депутаттық сауал жолдады.

Халықтың әлеуметтік жағдайы жаман емес. Бірақ азық-түлік бағасының өсуіне байланысты арыз-шағымдар көптеп түсуде. Өңір тұрғындары егін егумен айналысады, ал диқандар судың тапшылығына тап болып отыр. Өзбекстаннан келетін су жеткіліксіз. Бұл мәселені Су министріне жеткіздік. Ведомство Өзбекстанмен келісіп, мәселені шешуге уәде берді, – деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ