Мұнайдың болашағы қандай? OPEC жаңа болжамдарын жариялады

0

Kazakhstan Energy Week — 2025 пен XVI Еуразиялық KAZENERGY форумында OPEC-тің Мұнай зерттеулер департаментінің жетекшісі Бехруз Байкализаде әлемдік мұнай нарығының болашағына арналған World Oil Outlook (WOO) баяндамасының негізгі тұжырымдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бұл құжаттың энергетика саласындағы жаңа кезеңге бағдар беретін маңызды зерттеу екенін атап өтті.

Бұл басылым – энергия саласына арналған негізгі референс, оны OPEC веб-сайтынан жүктеп алып, толық талдауын көруге болады, — деді Байкализаде.

Негізгі болжамдар мен тенденциялар

Байкализаденің айтуынша, WOO дайындалған кезде дүниежүзілік экономика мен саясаттағы белгісіздіктер едәуір жоғары болған. Бұл өзгермелі орта энергетика саясатына сұрақтар мен сын көзқарасты күшейткен.

Саясат тұрғысынан кейбір елдер негізгі мақсаттарға қайта қарауда. Бұл, әсіресе АҚШ пен басқа дамыған мемлекеттерде айқын байқалады, — деді ол.

Сонымен бірге демографиялық факторлар да болжамдарда маңызды роль атқарады. Дүниежүзі халқы шамамен 1,5 миллиардқа өседі, және бұл өсімнің басым бөлігі қалаларда шоғырланады.

2050 жылға қарай қалаларда тағы 1,9 миллиард адам өмір сүреді. Урбанизация мен экономикалық өсім — энергия сұранысын көбейтеді, — деді Байкализаде.

Технология саласында да өзгерістер ескерілген — тиімділік пен шығынды төмендетуге бағытталған жаңашыл қадамдар болжам құрамына енгізілген, дегенмен революциялық технологиялық скоктар міндетті түрде болжамға енбеген.

Энергия нарығында өзгерістер: мұнай, жаңартылатын көздер, электр энергиялық тұтыну

  • Бастапқы энергия сұранысы 2050 жылға дейін шамамен 23%-ға өседі деп күтіліп отыр. Мұнай әлемдік энергетика құрылымында ең ірі үлесті сақтап қалады — 30%.
  • Жаңартылатын энергия көздері 2024 жылы 3,5%-дан 2050 жылы 13,5%-ға дейін өседі.
  • Көмірдің үлесі — шамамен 13 пайыздық тармаққа төмендейді, ал ядролық энегрия саясатының қолдауы күшейеді.
  • Электр энергиясына сұраныс 2024 жылғы 31 500 ТВт·сағ көлемінен 2050 жылы 57 500 ТВт·сағ-қа дейін артады.
  • Бұл өсімнің 75%-ы дамушы елдерден болады.
  • Электр генерациясында жел мен күн энергетикасы басты өсуші бағыт болады — 2050 жылға дейін 21 000 ТВт·сағ-қа дейін кеңейді.

Мұнай сұранысы: аймақтық драйверлер мен секторлар

  • Мұнайға сұраныс 2030 жылы 130 млн баррель/тәулік деңгейіне жетеді және 2050 жылы 123 млн баррельге дейін өседі.
  • Өсімнің негізгі бөлігін мұнай өндіру деңгейі төмен аймақтар қамтамасыз етеді — болжам бойынша 28 млн баррель/тәулікке дейін өседі.
  • Мұнай өндіруі жоғары аймақтарда белгілі бір төмендеу болуы мүмкін — шамамен 8,5 млн баррель/тәулікке дейін.
  • Үндістан — +8 млн, Азияның басқа елдері — +5,3 млн, Орта Шығыс пен Африка — +4,7 және +4,2 млн баррель өсімге ие болмақ.
  • Көлік саласы, мұнай-химия, авиация мұнай сұранысының өсіміне негізгі үлес қосады:

— Жол көлігі — +5 млн баррель/тәулік

— Мұнай-химия — +4,7 млн

— Авиация — +4,2 млн

Жабдық пен инвестициялық қажеттілік

  • 2025–2050 жылдар кезеңінде әлемдік мұнай саласына 13,2 триллион доллар инвестиция қажет болады, оның ішінде 574 миллиард доллар/жыл барлау мен өндіруге (upstream) бағытталуы тиіс.

Болжам сценарийлері: технология мен әділдік

WOO 2025 екі балама сценарий ұсынады:

  1. Технологиялық сценарий — технологияға басымдық берліп, энергия тиімділігі жоғарылайды. 2035 жылдан кейін мұнай сұранысы төмендей бастайды, 2050 жылы 106 млн баррель/тәулікке дейін.
  2. Әділетті өсу сценарийі — даму мен энергияға қолжетімділік басымдылыққа ие болады. Мұнай сұранысы 2050 жылға дейін 129 млн баррель/тәулік деңгейіне дейін өседі.

Соңғы саяси бетбұрыстар әлем энергетика жүйесіне белгісіздік әкелді. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы айырмашылық энергетика саласына қиындықтар да, мүмкіндіктер де береді. Мұнайға сұраныстың таяу болашақта тоқтай қалатынына бірыңғай белгі жоқ. Бізге эмиссияны азайту, энергетикалық қауіпсіздік пен қолжетімді энергияны тең ұстанатын, деректерге негізделген реалистік энергетикалық жол қажет. Бірлескен ынтымақтастық — тұрақты болашаққа бастар жол, — деді Бейкализаде.


ПІКІР ЖАЗУ