ШЫМКЕНТ: «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы»

0
233

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес, Еңбекші ауданы аумағындағы Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының қасбеттеріндегі атаулары орфографиялық дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көрнекті ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен жазылуы тиіс: мемлекеттік тілде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекті ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс.

Аталған талаптардың сақталмауы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Осыған орай, кәсіпкерлік нысан иелеріне көрнекті ақпарат мәтінін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндіру жұмыстары атқарылды. Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Ұлттық нақыш, салт пен дәстүр, тәрбие мен ұлағат үндестігіне сай жасалған жарнама ғана заман талабынан шығары хақ. Өйткені тіл мен діл, ұлт пен ұлағат, дәстүр мен салтты сап түзеткен жарнама ғана тіл заңдылығы талабынан шыға алады. Ендеше, бүгінгі ұрпақты жарнама арқылы ізгілік пен адамгершілікке үндейік, сонда ғана келешек иесі – жас буынның дидарына жарқын жүзбен қарай аламыз. Жарнама – көпшілікті тәрбиелейтін тәрбие құралы деп қарағанда ғана тілдің туын аспандата аламыз.


ПІКІР ЖАЗУ