Қазақстандықтар көз емдеуге зейнетақы жинақтарын жиі пайдалана бастады

0

Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану шектеулері енгізілуіне байланысты офтальмологиялық қызметтерге төлемдердің күрт өскені байқалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Data Hub-қа сілтеме жасап.

Қыркүйекте 1,4 млрд теңгеге 1611 өтініш қанағаттандырылған. Бұл тамыз айымен салыстырғанда 5,8 есе, ал көлемі бойынша 7 есе көп. Соңғы 12 айдағы орташа көрсеткіштермен салыстырғанда өсім одан да айқын, тиісінше 7,9 және 9,3 есе.

Сарапшылардың айтуынша, осындай өсімнің басты себебі – зейнетақы артықшылықтарын тіс емдеуге пайдалану ережелерінің қатаңдатылуы. Бұрын бұл категория сұранымдар көлемі бойынша тұрақты түрде көш бастап тұрған.

Өткен айда қаражаттың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) қайтарылуы күрт көбейді. Бұл «тіс емдеуге» арналған 27,3 мың өтініш бойынша 21,8 млрд теңгені құрайды. Салыстыру үшін: тамызда стоматология бойынша 6,3 мың өтініш бойынша 3,7 млрд теңге қайтарылған болатын. Сонымен қатар, соңғы бірнеше ай бойы өтініштердің санының көп болуымен қатар қаражат қайтару көрсеткіштері де сәл артқан, – дейді сарапшылар.

Офтальмологиялық қызметтер бойынша қаражат қайтару деректері болмаған. 83 өтініш бойынша 48 млн теңге. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен бірдей. Бұл сұранымдардың шынайылығын және адамдар ақшаны шығаратын мақсаттардың заңдылығын көрсетеді.


ПІКІР ЖАЗУ