Коммуналдық тарифтер қымбаттай ма? – Ресми жауап берілді

Астанадағы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Мағжан Қуанышбек бүгін қала тұрғындарымен өткен онлайн-кездесу барысында олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кездесу кезінде тұрғындар шенеунікке «Коммуналдық қызмет тарифтері тағы да қымбаттай ма?» деген сауал қойды.
Биылғы жылдың соңына дейін су, жылу және электр энергиясы тарифтерінде тұтынушылар үшін өзгеріс болмайды, – деп жауап берді Мағжан Қуанышбек.
Оның сөзінше, алайда келесі жылы тарифтердің көтерілуі әбден мүмкін. Себебі департаментке қаладағы негізгі табиғи монополиялар субъектілерінен тиісті өтінімдер түскен.
Алдағы жылға департамент «Астана Теплотранзит», «Астана РЭК» және «Астана Су Арнасы» сияқты табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарап жатыр, – деді ол.
Еске салсақ, 2026 жылы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері орта есеппен 20-30%-ға қымбаттайтыны хабарланған болатын.