Қазақстандықтарға 1,6 млн теңге айлық алудың жолы айтылды

0

Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы қанша теңге болады? Бұл сұраққа Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз Қатар елімен жұмысымызды келесі жылдан бастаймыз. Еңбек шартын 3 жылға дейін жоспарлап отырмыз. Бірақ ол жұмыс берушінің сұранысына байланысты. Егер Қатар елінің жұмыс берушісі жұмысшы тек бір жылға керек десе, онда бір жылға, екі жыл десе, екі жылға болады. Яғни ол жұмыс берушінің сұранысына байланысты, — деді Ертаев.

Вице-министр қатарлық әріптестерімен жалақы мәселесін де талқылағанын айтты.

Айлық 1500 доллардан 3000 долларға дейін болады. Ол жұмыстың қиындығына, санына, сапасына, яғни еңбек жағдайына байланысты болады. Әр жұмыс берушінің ұсынатын жалақысы осы көлемде болатыны айтылды, — деп түсіндірді ол.

Еңбекмині өкілі атағандай, келісім келесі жылы іске аса бастағанда барлығы белгілі болады.


ПІКІР ЖАЗУ