ШЫМКЕНТ: Көшелерді түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету 43,4 пайызды құрады
Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл кешкі мезгілде қала қауіпсіздігі мен көркіне оң септігін тигізбек.
Бүгінгі таңда мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 228-і жарықтандырылған. Яғни, қамтылу көрсеткіші 43,4 пайызды құрап отыр.
Бұл көрсеткішті арттыру үшін биыл мамыр айынан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жұмыстар қолға алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме «ABM Building» ЖШС тарапынан 51 көшеге жарықшам орнатылды.
Нақтырақ айтсақ, Абай ауданында – 24 көше, Әл Фараби ауданында – 6 көше, Еңбекші ауданында – 4 көше, Қаратау ауданында – 19 көше жарықтандырылды.
Мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында (ГЧП) 2021–2023 жылдары 312 көше жарықтандырылады деп жоспарлануда.
Жоспар бойынша 2021 жылдың соңына дейін мегаполистегі 104 көше жарықтандырылатын болады. Атап айтқанда, Абай ауданы – 30, Әл-Фараби – 21, Еңбекші ауданы – 22, Қаратау ауданында 31 көше белгіленді.
Ал, 2022 жылы — 102 көше, 2023ж — 106 көше жарықтандырылып, нәтижесінде жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады.
Егер, көше бойындағы жарық бағаналарының істен шыққанын, жанбай тұрғанын көрсеңіз «Айкөмек» орталығының 109 нөміріне хабарласыңыз