ШЫМКЕНТ: Абай ауданында тамыз айында 2321 нысан тексерілді

0

Мобильдік топ бүгінде аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың, оның ішінде тойханалармен, қоғамдық тамақтану орындарына және т.б нысандардың жұмыс уақыты мен карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында Абай ауданы әкімінің орынбасары Е. Занкоев полиция қызметкерлерімен бірлесе мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Жалпы аудан бойынша тамыз айынан бері 2321 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған 37 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазіргі эпидахуалға байланысты Шымкент қаласында карантин талаптары күшейтілді. Осыған орай, сала мамандары кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарынан карантин талаптарын қатаң сақтауды сұранады.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ өткен тәулікте 358 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне іс-құжаттар жолданып, жауапты әкімшіден түсініктемелер алынды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.


ПІКІР ЖАЗУ