ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік көмек «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыс беріледі

0

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы атаулы әлеуметтік көмекке арналған азық-түліктер «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыссыз сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін таратылатынын хабарлайды.

Сауда үйі кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тек қана @aspgramadbot телеграм боты арқылы хабарлайды. Бот арқылы азық-түлік беру бекеттерінің мекенжайларын және күні мен уақытын білуге болады. Ол үшін баланың ЖСН нөмірін енгізу қажет. Азық-түлік сапасына арыз-шағым түскен жағдайда сауда үйі затты ауыстыруға кепілдік береді.

Жалпы, атаулы әлеуметтік көмек – бұл мемлекеттен уақытша қаржылай қолдау. Азаматтардың жағдайын жақсартып, аяққа тұрып кету мақсатында төленеді. Тұрғындар мұны жіті ұғынуы тиіс.

Шартты ақшалай көмек табысы аз жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті немесе құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасыларға көрсетіледі. Жұмысқа қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана атаулы әлеуметтік көмек беріледі.

 


ПІКІР ЖАЗУ