Шымкентте жылына 100 мың дана металл бөшкелерін өнідіретін кәсіпорын жұмыс жасайды

0

Шымкент қаласында орналасқан металл бөшкелерін шығаратын «UKO-S Star» ЖШС – өнідіріс нысаны бүгінде қарқынды жұмыс жасауда . Аталмыш кәсіпорынға 500 млн теңге инвестиция тартылып өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде 40 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кету керек, зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Өндіріс орнында жылына сыйымдылығы 150 литр болатын 100000 дана болат бөшке өнімдері шығарылады. Мемлекеттің қолдауымен «Тассай» индустриялық аймағынан 2 гектар жер телімі берілген.

«UKO-S Star» ЖШС — металл бөшкелерін шығаратын кәсіпорыны биыл Елорда күні мерекесіне орай жұмысын бастаған. Нысанның ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта қатысқан болатын.

Атап өтейік, атаулы мерекесіне орай Шым шаһарда 11 инвестициялық жоба іске қосылған болатын. Олар: «UKO-S Star» ЖШС, «СК-АЙМАҚ» ЖШС, «TABA INDUSTRIAL» ЖШС, «KASPY STEEL» ЖШС, «Балкибеков» ЖК, «SAGITEX GROUP» ЖШС, «AgroPark» ЖК, «Барыс 2007» ЖШС, «Халаев» ЖК, «Зертас» және «Алтынсай» ШҚ.


ПІКІР ЖАЗУ