Шымкентте автомобиль шыныларын өндіретін зауыт жұмыс жасайды

0
72

Шымкент қаласында автомобильге арналған шыныларды жасап, монтаждаумен айналысатын «Балкибеков» ЖК кәсіпорыны жұмыс жасайды.

Озық технологиялармен жабдықталған зауыт 2021 жылы Елорда күні мерекесіне орай ашылған. Жобаға 40 млн теңге инвестиция тартылып, 20 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Өндіріс орны жылына 5 000 дана шыны шығаруды жоспарлап отыр. Жобаға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 0,54 гектар жер берілген.

Еске сала кетсек, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 2 396,0 млн. теңге бөлінді. 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген. Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өтінім тапсыру қажет.

Айта кетейік, Шымкентте үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында 89 млрд. теңгеге 63 кәсіпорын бой көтерген. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Ал екінші бесжылдықта 97,4 млрд. теңгеге 41 жоба қолдау тауып, соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 млрд. теңгеге 90 жоба жүзеге асып, 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған.


ПІКІР ЖАЗУ