ШЫМКЕНТ: Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

0

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту және қолайлы бизнес-климат жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, биыл кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары арқылы бизнеске бюджеттен 12,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, республикалық бюджеттен қосымша 5,1 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Пандемия жағдайына байланысты бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаулар өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артып отыр. Осының нәтижесінде жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсету жоспарлануда.

Сонымен бірге бизнес өкілдеріне көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы үш жылда өнеркәсіп өнім көлемі 162 млрд. теңгеге немесе 32,9 пайызға артқан.

л, «Мен кәсіпкер боламын» әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту арнайы іс-шара жоспарына сәйкес 146 млн. теңгеге 16 кәсіпкерге несие берілген, оның ішінде 136 млн. теңгеге 14 әйел кәсіпкердің, 10 млн. теңгеге 2 жас кәсіпкердің жобалары қолдау тапқан.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 61 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Бұл жылы олардың санын 100-ге жеткізу жоспарланған.

 


ПІКІР ЖАЗУ