Шымкентте көпбалалы аналарға арналған заманауи курсы ашылды

0

Шымкентте көпбалалы аналарға арналған заманауи курсы ашылды, — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы  институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп жүр.

Осы орайда орталықта көпбалалы аналарға арналған SMM курсы ашылды. «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау  қоғамдық бірлестігінің басшысы Сабира Байзахова «Инфобизнес саласы және SMM жүргізу» атты курс жүргізеді. Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі рет өткізіледі. Алғашқы сабақ ағымдағы жылғы 2 шілдеде, сағат 11.00-де өтеді.

Айта кетейік SMM саласын меңгерген адам әлеуметтік желілер арқылы үйде отырып, табыс таба алады. Курсқа жазылу және де толық мәліметтер алу үшін   байланыс нөміріне 8775 045 39 17 хабарласуға болады.

Курс мекен-жайы: Бәйдібек би даңғылы, 32 а ғимаратында орналасқан.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ