ШЫМКЕНТ: Ситуациялық iKomek орталығында қоғамдық көлік мәселесіне қатысты жиын өтті

0
79

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының ситуациялық орталығы және қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары тарапынан ситуациялық iKomek орталығына қоғамдық көлік мәселелері бойынша түскен арыз-шағымдар тасымалдаушы мекемелермен бірлесе талқыланып, ең көп түсетін шағымдар назарға алынып, шешу жолдары ұсынылды.
Жиналысқа УК “Shymkent bus”, “T-Bus” ЖШС, “Green Bus Service ” ЖШС, “Туркестанская транспортная компания” ЖШС, “Радуга транспорт” ЖШС, “Ман-Онтустик” ЖШС, “М и Р и Со” ЖШС, “Автоимпульс” ЖШС, “Бек-сервис” ЖШС, “Бекзат-сервис” ЖШС, “Асыл” ЖШС, “Санжар Мотрос” ЖШС, “Абдуганиев” ЖК басшылары мен колонна басшылары қатысып, қызмет көрсететін бағыттар бойынша сараптама көрсеткіштері көрсетіліп, бірнеше арыз-шағымдар талқыланды.
Атап айтқанда, “T-Bus” ЖШС қызмет көрсететін #150, #27, #103, #126 және “Shymkent bus” БК қызмет көрсететін #10 бағыт бойынша @ikomek109.shymkent орталығына ең көп шағымдардың түскендігі белгілі болып, тиісті шара қолдану тапсырылды.

ПІКІР ЖАЗУ