Шымкенттік кәсіпорын жылына 20 мың дана жарықдиодты шамдар өндіреді

0

«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындардың бірі — «КАЗТЕХНИКАС» ЖШС-ы. Мұнда жарықдиодты шамдар өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1,5 гектар жер бөлінген.

Құны 500 миллион теңгені құрайтын бұл жоба 2020 жылы бастау алып, биыл іске қосылды. Қазір кезде мекемеде 25 қала тұрғыны жұмыс жасайды.

Зауыт жылына 20 мың дана жарықдиодты шам өндіруге қауқарлы. Шамдардың сапасы өндірілгеннен кейін су ішінде 5 минут тұрады да, кейіннен іске қосу арқылы тексеріледі екен. Яғни суға төзімділігі анықталып барып, сатылымға шығарылады. Бұл дегеніміз тұтынушыға сенімді тауарды жолдау болып есептеледі.

Сонымен қатар, мұнда темір сөрелер де жасалады екен. Өндіріс орны алдағы уақытта мемлекеттік қолдау арқылы өнім көлемін ұлғайтып, экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.Бұл қаладағы индустриалды-иновациялық саланы дамытып қана қоймай,шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту өз септігін тигізеді.


ПІКІР ЖАЗУ