ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 24 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

0

Еңбекші ауданы аумағында көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көпқабатты 24 үйдің ауласында абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан күнделікті тұрақты бақылауда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, мердігер мекеме аталған секторларды кестеге сәйкес жүргізуде.

Сонымен қатар, арнайы мамандандырылған инжиниринг қызмет көрсетуші — «Global Stroy Expert», «Hazar инжиниринг», «D.E.A. Union», «BB-Media» ЖШС-нің инженер-сарапшы мамандары қадағалауда.
Абаттандыру барысында аталған мекемелердің инженер-сарапшы мамандары орын алған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қолданып, қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Құрметті қала тұрғындары! Егер де Сіз Еңбекші ауданы аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысында кемшіліктерді байқап, анықтаған жағдайда аудан әкімі аппаратының 43-30-40 телефон нөміріне немесе +7 708 326 10 58 WhatsApp нөміріне хабарлауларыңызды сұраймыз.


ПІКІР ЖАЗУ