ШЫМКЕНТ: Мәслихат сессиясының күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, бекітілді

0

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, бекітілді.

Сессия жұмысына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Жиын барысында қала әкімдігінің қызметіне қатысты салалар бойынша әлеуметтік мәні бар қоғамдық көлік қатынастарының тізбесіне қосымша маршруттар енгізу мәселесі қаралып, бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім сапасы мәселесі талқыланды.

Жиын барысында сөз алған қала басшысы, сессия жұмысында қала үшін маңызды шешімдер қабылданғандығын атап өтті. Оның ішінде жолаушылар тасымалында әлеуметтік мәні бар қосымша 7 автобус маршруттарының ашылуы қоғамдық көлік саласын жүйелендіру жұмыстарының нәтижесінде іске асқандығын мәлімдеді. Бұған дейін 57 бағыт бойынша әлеуметтік маршруттар түзілсе, бүгін олардың саны 64-ке жеткендігін хабарлады. Маршруттар жүйесін қалыптастыруда депутаттар тарапынан білдірілген сын-ескертпелер назарға алынып, олар бойынша оңтайлы шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Қоғамдық көлік қатынасымен барлық 81 елді мекенді қамту бойынша жүйелі жоспар түзілгендігін, оның орындалу көрсеткіші 82 пайыз болып отырғандығын айтты.


ПІКІР ЖАЗУ