ШЫМКЕНТ: Сүт өндіру мен асыл тұқымды мал шаруашылығы қарқынды дамуда

0

Шымкент қаласында сүт өндіру бағыты мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында 349 бас сауынды сиырды құрайтын үш тауарлы-сүт фермасы ашылды. Оның ішінде «Корно-1» ӨК жаңадан ашылған болса, «Эгамназаров» ЖК мен «Зертас» ШҚ сүт фермасын ұлғайтып отыр.

Мегаполисте жүзеге асқан бұл жобаларға жалпы құны 0,8 миллиард теңге инвестиция тартылды. Шаруа қожалықтар Симментал мен Голштейн тұқымды сауынды сиырларды Еуропа елдерінен әкелген. Сиырлардың бұл тұқымы сүтті бағытта болғандықтан тәулігіне орташа есеппен 24 литр сүт сауылады.

Инвестициялық жобалардың бірі — «Корно-1» ӨК ағымдағы жыл басында отандық асыл тұқымды сүтті-етті бағыттағы 50 бас ірі қара мал сатып алған. Шаруашылықта өндірілген сүт қала аумағындағы қайта өңдеу цехтарына өткізілуде. Шаруашылықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта, шаруашылық қуаттылығын кеңейтіп, қосымша қора жай құрылысын жүргізіп, мал басын көбейтуді жоспарлауда. Шаруашылыққа сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасына сәйкес, 2021 жылдың сәуір айында мемлекет таранынан 9,8 млн. теңге қолдау көрсетілген.

Бүгінде сүт өндіру бағытын ұлғайту мақсатында жеке кәсіпкер «Эгамназаров» Еуропа елдерінен 138 бас асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басын сатып алды (2020 жылы– 70 бас, 2021 жылы 68 бас). Қазіргі таңда сатып алынған ірі қара малдарының жартысынан көбі төлдеп шаруашылықтағы жалпы мал басы 173 басқа жетті. Өндірілген сүт «ФудМастер» ЖШС-не берілуде. Мемлекттік қолдауларды тиімді пайдалану арқасында шаруашылықтың сүт өндірудегі жылдық қуаттылығы 500 тоннадан 900 тоннаға жетті. Алдағы уақытта аталған шаруашылық қора жай құрылысын жаңартып, сүтті бағытта мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.


ПІКІР ЖАЗУ