ШЫМКЕНТ: Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу зиялы қауым өкілдерінің парызы

0

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратау ауданы активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі А.Әліқұлов төрағалық етті.

Жиын барысында сөз алған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Т.Балтабаев Жолдаудағы баспана мәселесі мен әлеуметтік қолдауға қатысты пікірін білдірді. Ал, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Тоқмағанбетов еліміздің кемел келешегі үшін өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу зиялы қауым өкілдерінің парызы екенін тілге тиек етті.
Шымкент қаласындағы №85 жалпы орта мектеп директоры Ж. Сихамбекова да Жолдауға үн қосты.
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жыл сайын Жолдауда білім саласына ерекше мән беріп келеді. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектертің білімі еңбек нарығына жарамды болу үшін оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеуді міндеттеді. Яғни, білім сапасын арттыру үшін күш жұмсайтын боламыз, — дей келе, бүгінде білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады.

Жолдауда ерекше басымдық берілген баспана алуды жеңілдету, жайылымдық жерді игеру мен жалдамалы жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселелері жөнінде «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Рахманұлы тарқатып өтті.


ПІКІР ЖАЗУ