ШЫМКЕНТ: «Электронды үкіметтің» тиімділігі
Бүгінгі таңда «Электронды үкіметтің» тиімділігі сол, тұрғындар кез-келген қажетті анықтаманы үйде отырып, онлайн ала алады. Осыдан 10-15 жыл бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте тұру, әр мекеменің есігін қағу ұмыт болғалы қашан?! Алдағы уақытта «Электронды үкіметті» қолданушылар саны артып, халық арасында 100 пайыз қолжетімді болған кезде, бұқара мен билік арасындағы байланыс нығая түсері сөзсіз.
Тамыз айында орталыққа қоғамдық көлік мәселесі бойынша — 3592, төлем жүйесі — 2493, жарық — 1481, АӘК — 769, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару — 556, су — 451, жол инфрақұрылымы — 424, денсаулық сақтау — 128, газ — 211 және тағы басқа да проблемалармен арыз-шағымдар түсіп, олар дер кезінде шешімін тапқан. Алдағы уақытта бұл қызметтің тиімділігін арттырып, тұрғындарға қолжетімді қызмет ұсыну үшін жұмысымызды дамыта түсеміз. Әрине, бұл тұста ІТ-мамандардың көмегіне жүгінетініміз анық.