ШЫМКЕНТТЕ БІР ТӘУЛІКТЕ 145 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

0

 

Шымкент қаласында өткен тәулікте 145 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабардар етті. Оның ішінде белгілері бар–125, белгілері жоқ –20. Ал індет жұқтырған 82 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2500 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1366 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1134 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 446 төсек орын бар, 214 науқас ем қабылдауда.

Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 5709 адам вакцина алды (I компонент-3144, II компонент-2565). Егу науқаны басталғалы барлығы 446 449 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 377 565 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Бұдан бөлек, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 7 қыркүйек күні 361 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 


ПІКІР ЖАЗУ