ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші биыл 85 пайызға жеткізіледі

0

Қаратау ауданы тұрғындарының 73,7 пайызы бүгінде табиғи газбен қамтылған. Себебі мұнда жаңа құрылыс алаңдары салынып, халық қоныстанып келеді. Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында биыл бір магистралды газ құбыры мен төрт елдімекенге газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қала әкімі М.Әйтеновке қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады.

Қазіргі уақытта Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 46,06 шақырымды, Асар-2 шағын ауданында 50,4 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйлерінің құрылысы мен Азат шағын ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тассай шағын ауданында келер жылға өтпелі газ құбырын тарту жұмыстары осы жылы басталады.

Ал Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстар аяқталуына орай, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші — 85 пайызды құрайтын болады.


ПІКІР ЖАЗУ