ШЫМКЕНТ: Жолдау міндеттері бойынша төрт ауданда тұрғындармен кездесулер өтті

0

Жолдау міндеттері бойынша Шымкент қаласының төрт ауданында тұрғындармен кездесулер өтті. Кездесулер барысында кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы, инфрақұрылымдық даму, білім, денсаулық сақтау, спорт салаларын ілгерілету, ішкі және сыртқы миграция процесстерін реттеу, «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру, экологияны оңалту, тағы басқа мәселелер бойынша жоспарлар ортаға салынды.

«Өзекті мәселенің бірі – инфляцияға қарсы әрекет ету. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығын сақтауға Өңірлік тұрақтандыру қорына 4,7 млрд. теңге бағытталды. Жергілікті тауар өндірушілермен 14 меморандум түзіліп, 3 әлеуметтік дүкен ашылды. Жыл соңына дейін тағы 7 дүкен іске қосылады», — деді Мұрат Әйтенов.

Қаланың жалпы өндірісінде тамақ өнеркәсібінің үлесі 20 пайыз шамасында. Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу саласында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында 23 млрд.теңгеге 21 жобаны, 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенінде 30 млрд.теңгеге 20 жобаны іске асыру жоспарланған.
Дайын өнімдерді сақтауда 6 заманауи климаттық қоймалар салынған. Сауда-логистикалық орталықта тағы 4 қойма мен көтерме-тарату орталығы салынатын болады.


ПІКІР ЖАЗУ