ШЫМКЕНТ: Жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет ашылды

0

Қала әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер бейне бақылау жүйесімен жабдықталып, турникеттер қойылып, дабыл батырмалары орнатылғанын, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін айтты. Сонымен бірге, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта орнату жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,5%-дан 65%-ға жетті. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Қала әкімінің қатысуымен ашылған мектепте 897 оқушы білім алатын болады. Шаһар басшысы ауыл қарияларымен бірге жаңа мектепті аралап, ондағы спорт зал, Абай сыныбы, шахмат, еңбек, тігін шерберханалары мен асхананы аралап көрді. Құрылыстың сапасы мен дизайнына мән берген Мұрат Әйтенов мұндағы жұмыстарға оң бағасын берді. Мектеп директорына санитарлық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын 1200 орындық оқу орны 3 қабаттан тұрады.


ПІКІР ЖАЗУ