ШЫМКЕНТ: Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

0

Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті, — деп хабарлады Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі.

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті тоғызыншы сессияға ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссяда Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы төрағалық етіп, бірлескен мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі бір мәселені талқылады.
Ол мәселе «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы№72/651-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды.

Жиынға қала әкімдігінің мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы баяндама жасады. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар жолдап, шешім жобасын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына қайта ұсынатынын жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ