Шымкентте 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған

0

2020 жылы Шымкентте 256 көше жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 27 миллиард теңге қарастырылған. Бұл былтыр бөлінген қаражаттан екі есе артық. Демек, қаламыздағы біраз жолдар ретке келтіріледі. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, жыл басынан бері 40-қа жуық көшеде жөндеу жұмыстары аяқталған.

Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде 15,4 шақырымдық жол, яғни 20 көше Қаратау ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда, Қосай баба, Айдапкелов, Ақшағала, Өмірзақ, Шүлменов, Қарабура, Арипов, Қозыбай, Ақжүніс, Балқарағай, Байыспай, Шойман қажы, Мыңбаев, Естай ақын, а/ж №5, а/ж №9, Ардагерлер, а/ж №6, а/ж №7, Меңдешов, Молшылық, Байқара, Ізен, Ырыс, а/ж №6, а/ж №2 Құлагер, Ақсұнқар, Ақсауыт, Саяхат, а/ж №10, Мұңайтпасов №1, Мұңайтпасов №2, Аққанат көшелері кіреді.

Аталған жұмыстардың мердігері – «Отау Строй» және «Алем Транс Жол» мекемелері, ал техникалық жобалаушы болып «Pride group» және «Банур-1» ЖШС бекітілген.

Қазіргі уақытта 75%-ға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.


ПІКІР ЖАЗУ