ШЫМКЕНТ: Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті

0

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі жүргізді.

Күн тәртібінде денсаулық сақтау саласында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының ағымдағы жылдың 8-айында орындалуы және қоғамдық кеңестің алдыңғы отырысындағы ұсыныстардың орындалуы, Жол картасында белгіленген «Металлург» стадионын және металлургтер паркін қайта құру жұмыстарының барысы мәселелері болды.

Алғашқы мәселе бойынша партия жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Есенбек Серкебаевтың баяндамасы тыңдалды.
Есепті мерзім ішінде қоғамдық кеңес ағымдағы жылдың мамыр айында қаладағы №1 қалалық емхана, «Ана мен бала» оңалту орталығы, №2 қалалық ауруханасы мен қалалық перзентхана орталықтарында көшпелі іс-шара өткізіп, бірнеше кемшіліктерді анықтаған. Көшпелі іс-шара кезінде қоғамдық кеңес тарапынан екпе салу учаскелеріне бейнебақылау камераларын орнату жөнінде ұсыныстар айтылған. Нәтижесінде, аталған медициналық нысандардың екеуінде орын алған кемшіліктер толығымен жойылған. Ал, екпе егу учаскелеріне бейнебақылау камераларын орнату туралы ұсыныс бойынша шілдеде республикада алғаш болып Шымкенттегі екпе егу бекеттеріне бейнебақылау камералары орнатылған.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов сөз алды. Ол «Металлург» стадионын пйадалануға беру 2022 жылға жоспарланғанын, қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, тиісті жұмыстар 70 %-ға орындалғанын атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ