ШЫМКЕНТ: Жыл санап жұмыссыздар саны азайып келеді

0
214

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жұмыссыздықпен күрес мемлекет тарапынан қарқынды жүргізіліп келеді. Ел саясатының негізгі ұстанымы да осы. Сондықтан бұл бағытта жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар жанданып, салалық мамандарға нақты тапсырмалар жүктелуде. Атап айтқанда, «Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес», «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» секілді бағдарламалар жүйелі жүзеге асып, жыл санап жұмыссыздар саны азайып келеді.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Шымкент қаласында жұмыссыздық мәселесін шешуде мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жетті. Статистикаға сүйенсек, 2011 жылы шаһарда 1941 азаматқа жұмыс ұсынылған. Ал 2020 жылы 39 623 азамат жұмыспен қамтылып, бұл көрсеткіш 20,4 есеге көбейді. 2021 жылдың қаңтар айынан бері қалада 16 768 адам мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп, жұмыс тапқан. Тағы бір дерек, Шымкентте 2013 жылы 60 тұрақты жұмыс орны құрылса, 2021 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін 3599 жаңа тұрақты жұмыс орны  ашылып, 60 есеге көбейген.

 


ПІКІР ЖАЗУ