ШЫМКЕНТ: Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы өтеді

0

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 10,11 қыркүйек күндері сағат 19:00-де 88-театр маусымының ашылуына арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы өтеді.

Сонымен қатар театр фойесінде 10-15 қыркүйек аралығында сағат 18.00 де Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік» атты театр сәндік көрмесін ұсынамыз.
«Қазақтың келешегі өзгеге емес өзіне байланысты…» деген Абылайдың өсиеті қазіргі уақытта да өзекті мәселе. Ықылым заманда ел іргесінің бұзылмауы, шаңырағының шайқалмауы үшін қажыр-қайраты мен парасатын сарқа жұмсаған дана қолбасшының ішкі және сыртқы дұшпандарымен арпалыса отырып, қазақ елін бір тудың астына біріктіруді аңсаған хан Абылайдың арманы жайлы тарихи драма.

Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов,

қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов, театрдың көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Бекболат Құрманғожаев. Бас суретшісі — ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов. Театр директоры – ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Қарғабаев.


ПІКІР ЖАЗУ