Шымкент қаласында көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланып отыр

0

Шымкент қаласында көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланып отыр. Оны кәсіпкер өз есебінен жүзеге асырмақ. Өткен аптадағы инвестициялық штабтың отырысында жоба таныстырылып, өзекті мәселелер талқыланған болатын.

Жобны ұсынушы «КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС-нің жетекшісі қоймада 2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болатынын айтады. Қойма тауарлардың ұзақ уақыт балғын күйде сақталуын қамтамасыз етеді.
Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қала әкіміне инвестор қойманы салу үшін 1 гектар жер телімі қажеттілігі туындап отырғанын айтып, көмек беруін сұрады. Шаһар басшысы аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына инфрақұрылымы дайын аумақтан жер телімін беру туралы шешім қабылдады.


ПІКІР ЖАЗУ