ЖОЛДАУ: «… барлық салалар қамтылды»

0

Қазақстан республикасының Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық салалар қамтылды. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де бағыттар туралы жан-жақты айтылды. Цифрландыру мәселесіне айырықша тоқталды. Токио Олимпиадасын да назардан тыс қалдырмады. Мемлекет басшысы елдегі жағдайдың бес саусағындай білетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Президент оқытушылар даярлау ісіне айырықша мән берген. Ең алдымен, мұғалімдер жалақысының өсетінін және әрі қарай кезең-кезеңімен арта беретіндігін жеткізді. Ең төменгі жалақының 42500 теңгеден 60 мыңға дейін көтерілуі барша азаматтардың еңбекақысына да зор әсерін тигізетіні анық.

Сондай-ақ техникалық мамандықтарда оқитын шәкірттердің оқу ақысының жоғары екендігінен Президент те хабардар. Осы себепті мұндай мамандықтарда тегін оқу туралы тапсырма берілді. Қашықтан оқудың сапасыздығы, ауылдық жерлердегі интернеттің әлсіздігі туралы мәселесін сынға алды. Алда уақытта осы қателіктің орны толады деп сенемін.


ПІКІР ЖАЗУ