ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қолданылу аясын кеңейту

0

«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыру шеңберінде 3 қыркүйекте бүкіл ел бойынша жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді, оған Достық үйі -қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері, белсенділері және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Оның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қолданылу аясын кеңейту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, бірлік пен келісімді нығайту болды.
Бұл формат сауаттылықты арттыруға, сөздік қорын кеңейтуге ықпал етіп, қазақ тілінде дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады.
«Қазақстан көп ұлтты ел және әрбір этностың тілі сөзсіз тамаша, бірақ менің ойымша, мемлекеттік тілді меңгеру де, ана тілін білу де маңызды. Бүгін маған жаңаны үйренуге және өз білімімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын», – деді қатысушылардың бірі.
Диктанттың Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар.

Тіл тек қарым – қатынастың «құралы» ғана емес, сонымен қатар тарихи — мәдени мұраның көрінісі екенін әрдайым естен шығармайық!


ПІКІР ЖАЗУ