«ИСПИДЖАБ» ТҰРҒЫНДАРЫ «30 ИГІ ІС» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРДІ
Жуырда Nur Otan партиясы, Қаратау ауданы филиалының қабылдау бөліміне «Испиджаб» тұрғын алабының тұрғындары келді. Олар жетекші партияға тұрғын алабтағы Н. Юлдашев көшесіне жөндеу жүргізіп беру туралы өтініштерін жеткізді.
Азаматтардың бұл өтінішіне Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,фракция мүшесі Лазиз Сулайманов бей-жай қарамады. Ол «Испиджаб» тұрғын алабындағы тұрғындар көтерген осы мәселені өз қаржысы есебінен реттеп беруді ұйғарып, қажетті жұмыстарды қолға алады.
Бүгінде көшені жөндеу жұмыстары аяқталды. Депутат Лазиз Сулайманов өзінің бұл демеушілік ісін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «30 игі іс» партиялық жобасын қолдау мақсатында жүзеге асырып отыр. Жомарт жанды депутатқа тұрғындар алғыс білдірді.
Айта кету керек Шымкент қаласының Қаратау аудынына қарасты «Испиджаб» тұрғын алабында бүгінгі күні он мыңнан аса халық тұрады. Жол мәселесі шешімін тапқан тұрғын алапта осы уақытқа дейін инфрақұрылыр мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп отыр.