Шымкентте суицидке оқталған тұрғынды құтқарғаны үшін тәртіп сақшысы марапатталды

0

Шымкент қаласындағы «Бадам» өзенінің көпірінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты полиция қызметкері құтқарып қалды. Осыған орай батылдық пен ерлік танытып, өз қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» Медальмен полиция лейтенанты Жанысбаев Ерлан Жетібайұлы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың 2021 жылғы 27-тамыздағы №414 ​ жеке құрам бұйрығымен марапатталды.

Оқиға осы жылдың 23-тамыз күні «Бадам» өзенінің көпірінде орын алған. Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторы полиция лейтенанты Е.Жанысбаев қызмет атқару барысында ер адамның көпір жақтауына шығып, секіруге оқталғанын байқаған. Полиция қызметкері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгереді. Осылайша, тәртіп сақшысы өз кәсібилігінің арқасында азаматтың өмірін сақтап қалды.

Патрульдік полиция полкінің инспекторы полиция лейтенанты Ерлан Жанысбаев ішкі істер органдарында 10 жылға жуық қызмет атқарып келеді. Ол өз әрекетін ерлікке балағысы жоқ, себібі бұл оның қызметтік міндеті деп біледі.


ПІКІР ЖАЗУ