Кітапханаларға арналған қоғамдастық

0

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар
жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеру, шеберлігін шыңдау, өзіндік дамуы және өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау үшін Алматы қаласынан Impact Hub Almaty әлеуметтік кәсіпкерлік мамандары Индира Шах, Фарида Наурызбаева «Кітапханаларға арналған қоғамдастық» тақырыбында воркшоп өткізді.
Семинарға 52 қызметкер қатысты. Кітапхананың маңыздылығы, оқырмандарды (тұтынушы) ақпаратпен, кітапхана қорымен, кітапхананың ақпараттық және басқа да ресурстарымен еркін пайдалану құқықтарымен қамтамасыз ету, жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның рухани дамуына және үйлесімді білім алуына көмектесу, кітапхана жұмысындағы заманауи әдіс- тәсілдердің тиімділігі туралы айтылды.

Кітапханашыларға әрбір оқырманның портретін жасау ұсынылды. Ең идеалды оқырмандардың сұранысын, қажеттіліктерін зерттеу арқылы келешекте кітапхананың мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға болатыны туралы әңгімеленді.Сонымен қатар алыс-жақын шет елдердің кітапханаларының тәжірибелерімен таныстырды.


ПІКІР ЖАЗУ