ШЫМКЕНТ: «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 81 жоба ұсынылған

0

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы»  бағдарламасы аясында қазіргі таңда жалпы сомасы 77,2 млрд.теңге құрайтын 81 жоба ұсынылған. Оның ішінде қаржы институттарымен және екінші деңгейлі банктермен 41,8 млрд.теңгеден астам  58 жоба қаржыландырылып, 29,7 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба банктермен қаралып, құжаттары  жинақталуда. Қолдау алған  58 жобаның    41  жобасы  «Даму»  қоры  және  «Қолдау»  жүйесі арқылы субсидиялануда.

Коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларын енгізуге қарамастан, «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жобалар саны биылғы 10 қаңтардан 10 желтоқсанға дейін 2,5 еседен астам — 900-ден 2600-ге дейін ұлғайды, ал олардың сомасы 3,5 есе — 216 млрд теңгеден 700 млрд теңгеге дейін өсті. Аталған жобаларды іске асырудан жұмыс орындары санының болжамды өсуі шамамен 20 мыңды құрайды.
Айта кету керек бағдарлама аясында несиелендіруге арналған тауарлар мен қызметтер тізімі анықталды, қарыз алушы үшін соңғы мөлшерлеме 8%-дан 6%-ға дейін төмендетілді, 2 жылға дейінгі пайыздық мөлшерлеме және негізгі қарыз бойынша жеңілдікті кезең енгізілді.


ПІКІР ЖАЗУ