ШЫМКЕНТ: Биыл 60 несиелік тұрғын үй пайдалануға беріледі

0

Қазіргі таңда арендалық тұрғын үйлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында несиелік бағдарламалар арқылы ұсынылуда. Биыл мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден тұрғын үй сертификаты беріле бастады. Оның жалпы сомасы 500 млн. теңге. Осы бойынша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы биыл шілденің 26-нан бастап басталды.

-Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына 404 өтінім түсіп, 45 азаматтың тұрғын үй сертификатын алуға өтініші мақұлданды. Айта кеткен жөн аталған мемлекеттік қызмет толығымен электрондық форматқа көшірілді. Сонымен қатар, «Отбасы банктің» «5-20-25» бағыты бойынша сатылған кредиттік тұрғын үйлерден қалған 730 пәтер биыл саудаға шығарылды. Қазіргі таңда сатылған 721 пәтерден бюджетке 6 992,4 млн. теңге түсім түсті. Бұл пәтерлерді алған азаматтардың 291-і тұрғын үй кезегіне тіркелгендер, -деді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы А.Рысжанов.

Сондай-ақ жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы 1037 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жоспарға сәйкес биыл 60 кредиттік тұрғын үй (3 824 пәтер) пайдалануға берілмек.


ПІКІР ЖАЗУ