Шымкент : Әл-Фараби ауданында 2 елдімекенге ауыз су жүргізілуде

0

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының шалғай елдімекендері саналатын Ақтас-2 және 276 орамда ауыз  су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылаған аудан әкімі Рашид Мыңбаев мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауын сұрады.

Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағын ауданындағы ауыз су құрылысы 2021 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі.

Аталған жұмыстар аяқталса  276 орамда  260 үй, ал Ақтас-2 шағын ауданында  45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ