Шымкент : Абай ауданында биыл 38 көшеге асфальт төселеді

0

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов қала әкімдігінің «Instagram» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді. Аудан әкімі алдымен өңірлердің даму стратегиясы бойынша 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Бұқарбай Рысқұлұлының айтуынша, аудан аумағы бойынша 23 елді мекен (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда. Бүгінде Алтынтөбе, Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 елді мекенге (Ынтымақ-2, Нұршуақ,) табиғи газ жүйесін  тарту мақсатында жоба дайындау үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде.

Сондай-ақ, 2021 жылы аудан аумағында 36,9 шақырым 38 көшеге асфальт салу жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылуда. Сонымен бірге, елді мекендердегі жалпы ұзындығы 44,5 шақырым топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Халықпен кері байланыс орнату, жұмыстарды жүйелі атқару — басты талап дей келе, аудан әкімі тікелей эфир барысында тұрғындардың инфақұрылым, әлеуметтік сала бойынша қойған сауалдарына  да жауап берді.

 


ПІКІР ЖАЗУ