Шымкенттік шаруа «қисары» қойын өсіріп табысқа кенелуде

0

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков қаладағы қой шаруашылығын дамытып отырған шаруа қожалықтарының жұмысмен танысты. Асқар Сәкенұлы ең алдымен Абай ауданы, Алтынтөбе тұрғын алабында орналасқан «Alibaba» шаруа қожалығын аралап көрді. Аталған шаруашылық өз жұмысын 2019 жылы ірі қара мал шаруашылығымен айналысудан бастаған.

Ал, осы жылдан бастап қой шаруашылығын дамытуды мақсат тұтып, асыл тұқымды 500 бас «қисары» қой тұқымының аналық басын сатып алған. Бүгінгі күні шаруашылықта мал басының саны 1000 басқа жетіп отыр.

Шаруа қожалығының иесі алдағы уақытта «қисары» қой шаруашылығын дамытып , оны 2000 басқа жеткізуді жоспарлап отыр. Бұнымен қоса, шаруа сол маңнан қой бордақылап, ет өндіру ісін де қолға алмақ ниетте.


ПІКІР ЖАЗУ